Шымкент: Мектеп оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі өтті

Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектепте офлайн форматта 5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңі өтті.

image.png

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиаданың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау.

Тест форматында өткен олимпиадаға 107 жалпы білім беру ұйымынан 328 оқушы өтінім беріп, нәтижесінде 310 оқушы қатысты.

Оқушылар арасында өткен республикалық олимпиада келесі пәндер бойынша ұйымдастырылды. Олар:

- математика

- жаратылыстану

- қазақ тілі

- әдебиет

- орыс тілі мен әдебиеті

- қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі

- орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, ағылшын тілі

- ағылшын тілі

- қазақстан тарихы

Мектеп  базасында өткен олимпиада да барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер