М.Әйтенов: Денсаулық сақтау саласында басты мақсат – қызмет сапасын арттыру

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың денсаулық сақтау саласындағы басты мақсат – қызмет сапасын арттыру екенін айтты.

image.png

- «Жолдауда Президент медицина саласының инфрақұрылымын жақсартуды тапсырды. Бұл бағытта соңғы 2 жылда медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту деңгейі 71,5 пайыздан 81 пайызға жететін болады. Одан бөлек, мемлекеттік медициналық ұйымдар 100 пайыз жаңадан компьютерлік техникамен  қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, жеке инвесторлардың есебінен 5 медицина және ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталықтары ашылады. Қазіргі таңда екі емхананың құрылысы, №1-ші ауруханадағы трансплантация орталығын жаңарту жұмыстары жүргізілуде», - деді М.Әйтенов. 

Брифинг барысында қала әкімі биылғы жылы 1000 орындық клиниканың құрылысын бастау үшін, жергілікті бюджеттен инженерлік инфрақұрылымын тартуға 835 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталғанын атап өтті.  

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер