Шымкент Аданамен туристік ынтымақтастық орнатты

адана.jpg

Шымкент шаһары мен Түркия Республикасының Адана қаласы туризмді бірге дамытпақ. Бұл туралы екі қала арасындағы бауырластық келісім орнату бойынша өткен шарада айтылды.

Қос қала арасындағы бауырластық келісім орнату бойынша Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылған іс-шараның онлайн қол қою рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Адана қаласының мэрі Зейдан Каралар қатысты. Екі тарап Шымкент пен Адана қалалары арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, туризм, спорт, мәдени және әлеуметтік салалары арасында өзара ықпалдастық және ынтымақтастықты орнату бойынша екі жақты келісімге келді. Бірқатар сала жетекшілерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша перспективалық мәселелер талқыланды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрта Әйтеновтің айтуынша бұл келісім іскерлік байланыстар орнатуға, бірлесе дамуға, туристік ынтымақтастықты орнатуға үлкен серпін береді. Екі қала арасындағы барлық құндылықтарды сақтап, оларды дамыту және өзара байланыстарды нығайту тараптардың негізгі мақсаты болмақ. Бүгінде үшінші мегаполисте түрік инвесторларымен бірлесе 55 млн АҚШ долларын құрайтын 6 жоба іске асырылған.

– Қалада қолайлы бизнес ахуалын дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Шымкент пен Адана қалалары арасында бауырластық қарым-қатынастың орнауы сыртқы экономикалық байланыстарға, кәсіпкерлік қызмет саласын кеңейтуге, қалалар арасындағы туристік ынтымақтастықты орнатуға үлкен серпін беріп, жалпы экономикалық деңгейдің артуына алып келеді.

Бұл келісімнің екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға негіз болары сөзсіз, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, жиында Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың модераторлығымен өткен жиынға, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәслихат депутаттары, Түркия Республикасының Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы құрметті бас консулы Латифша Асанов пен «Ball – Textile» компаниясының өндіріс басшысы Огуз Дурру қатысты.

Бүгінге дейін Шымкент қаласы шетелдік тоғыз қаламен бауырластық орнатқан болса, оның ішінде Түркияның Измир және Эскишехир қалалары да бар. Адана қаласы Түркияның ең ірі, төртінші қаласы. Өнеркәсібі дамыған (мақта, цитрус жемістері, сұлы және күнжіт) ірі ауылшаруашылық орталығы.

Кездесу соңында Шымкент пен Адана қалалары арасында екі жақты ынтымақтастық орнату меморандумына қол қойылды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер