Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі. Қала тұрғындары назарына!

Ертең, 21 желтоқсан күні сағат 10:00-де азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне Республикалық тексеру жүргізіледі.  Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жаттығу күні тұрғындардан үрейленбей, тыныштық сақтауды сұрайды.

image.png

Мамандардың айтуынша, белгіленген уақытта халықты хабарландырудың барлық қолда бар құралдары іске қосылады. Атап айтқанда бұл күні электросиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары, теле-радио хабарларын таратуды ұстап алу, жеделкөлік, СМС тарату, Darmen мобильді қосымшасы арқылы халықты хабардар ету сынды жабдықтар іске қосылатын болады.

Сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандарды, гидротехникалық құрылыстарды – су қоймаларын және т.б. құлақтандыру мен қамту жоспарлануда. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер