Балалар ауруханасында жаңа бөлімше ашылды

«Асар» шағынауданындағы қалалық клиникалық балалар ауруханасы тағы да жаңа бөлімшемен толықты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ауруханада 20 төсек орынға лайықталған онконефрогематология бөлімшесі ашылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

image.png

Бұған дейін онкогематология патологиясы бар науқас балалар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан облысындағы ауурханада ем алатын. Енді ондай диагнозы бар пациенттер ем іздеп алысқа сабылмайды. Жаңадан ашылған онконефрогематология бөлімшесі 20 төсек орынға лайықталған. Мұнда  жұмыс істейтін мамандар біліктілігін арттырып, арнайы оқытудан өткен. Сондай-ақ науқастарға нақты диагноз қойып, емдеу шараларын жүргізу үшін мединацалық ұйым ішінде диагностикалық зертхана жұмыс істейді.

Айта кетейік, Асардағы  клиникалық балалар ауруханасы  18 жасқа дейінгі балаларға тәулік бойы медициналық көмек көрсететін көп бейінді емдеу мекемесі. Жыл сайын емдеу мекемесінде  қызмет сапасы жақсарып, медициналық қызмет түрі артуда. Соңғы бір жылдың өзінде мұнда нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакалды хирургия, эндокринологиялық, нейрохирургиялық медициналық оңалту сияқты төсектердің жаңа бейіндері ашылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер