Әл-Фараби ауданында биыл 31 жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент каласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұқбат берді.  Аудан әкімі 2021 жылы жүзеге асқан жұмыстарды баяндап, тұрғындар сауалына жауап берді. 

image.png

Р. Мыңбаев эфир барысында инфрақұрылыммен қамту, санитарлық тазалық, спорт алаңшаларының құрылыс жұмыстарының барысы, т.б., салаларда атқарылған жұмыстарды атап өтті. 

Ауданның дамуы  белгіленген 7 бағыт негізінде жүзеге асуда. Бірінші кезекте ауданның санитарлық тазалығы 7 секторға бөлініп, жұмыстар кестеге сай жүргізілуде.  

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 25 аулаға спорт алаңшаларын орнату жұмыстары атқарылды. Одан өзге, демеушілер есебінен 6 ашық спорт алаңшасы пайдалануға берілді. 2021 жылы халық игілігіне жалпы 31 жаңа спорт алаңшасы пайдалануға тапсырылды. Меже жоспардан артық орындалып отыр. 2021 жылы 25 спорт алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. 

2021 жылы жоспарға сәйкес, аудан аумағында 27 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.  2022 жылы бюджет есебінен 50 ауланы абаттандыру бойынша бюджеттік өтінім енгізілді.  

Әл-Фараби ауданы қаланың орталық ауданы болғандықтан, тұрғындарды ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 %-ды құрап отыр. Биыл қазан айында «Сәуле» шағынауданы 276 орамды табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша «ХМСУ Шымкент мелиорация» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Сондай-ақ, ауданға биыл 25 млрд теңге инвестиция тартылып, толық игерілді.  

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер