Шымкент қаласының әкімі елді мекендегі жұмыстарды қадағалады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов елді мекендерде биылғы жылы атқарылған жұмыстарға қадағалау жүргізуде. Қала басшысы бүгін Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданында жүргізілген жұмыстардың сапасын арнайы барып көрді. 

image.png

Жол инфрақұрылымы саласында шағын ауданда екі көше орташа жөндеуден өткізілсе, 26 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылған. Тұрғындар білдірген өтініштер ескеріліп, №2, 45, 52, 150 автобус маршруттарының бағыттары бекітілген.

Шағын ауданда инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізілген. Құны 1,1 млрд. теңгеден астам қаржыға 116,5 шақырымдық ауыз су жүйелерінің құрылысы 100 пайыз аяқталған.  Электр желілерін жаңарту, трансформаторлар орнату межесі 80 пайызға орындалған, жоспар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылғы маусым айында толық аяқталуы тиіс. Табиғи газ жүйелері бойынша 46 шақырымнан астам газ құбыры тартылып, жоспарланған жұмыстар 100 пайызға орындалған. Шағын ауданның ішкі көшелеріне 51 шақырымнан астам кәріз жүйелері орналастырылып, белгіленген жұмыстар 70 пайызға орындалған.  

Тұрғындарды кең жолақты интернет байланысымен қамтуда жеке инвестормен келісім жасалды. «i-LinkNet» компаниясы 100 шақырымдық талшықты-оптика желісін тартып, абоненттік кабель жүргізді. Желі шағын аудандағы 9 мыңға жуық тұрғынды сапалы интернетпен қамтуға мүмкіндік ашты. Қазір алғашқы екі жүзге жуық абонент интернет байланысымен қамтылды. Тұрғындардан өтінімдер қабылдау жүргізілуде. Кең жолақты интернет желісімен қамту көрсеткіштері тұрғындардан түскен өтінімдерге сай ұлғая бермек. 

Шағын ауданда биыл 2 спорт алаңшасы іске қосылған. Тұтастай алғанда, Қаратау ауданы бойынша бір жылдың ішінде 29 спорт алаңшасы іске қосылса, оның екеуі – демеушілер арқылы орнатылған. 

Қала әкімі биылға межеленген көрсеткіштердің барлығы орындалғанын айтты. Елді мекендерде әр салалық бағыт бойынша үлкен жұмыстар атқарылғанын, мұның барлығы азаматтар үшін лайықты өмір сапасын қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді. Жайлы қаланың келбеті  әрбір елді мекенде көрініс тауып, әрбір тұрғын қаламыз үшін мақтанатындай дәрежеде болуы тиіс деді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер