ИЧ-167/3 түзеу мекемесінде жазасын өтушілер бар жағдай жасалған

ИЧ-167/3 түзеу мекемесінде ауыр қылмыс жасаған сотталған азаматтар жазасын өтейді. Бүнгі күні мекемеде 800-дей азмат түзелу жолында келеді. Мекемеде жазасын өтушілер үшін біршама жағдайлар жасалған.

image.png

Кешкі мектеп, кәсіптік коледж, түрлі тұрмысқа қажетті және қол өнер бұйымдарын шығаратын өнер кәсіптік сектор, одан бөлек сотталған азаматтардың рухани әлемін қалыптастырып, оны дереңдету патриоттық дүние таным сомдау мақсатында кітапхана жұмыс істейді. 

Мекеме кітапханасында 2500-дай кітап бар. Орыс қазақ тіліндегі түрлі тақырыптарда жазылған кітаптарды алып оқуға болады. Мұнда сотталғандар діни кітаптарды да алып оқуға жағдай жасалған. 

Кітапхана қорында  қаладағы кітап дүкендерінде немесе кітапханаларында табыла бермейтін кітаптар сақталған. Мысалы келтіретін болсақ: 1812 жылғы орыс-француз соғысы, Петр 1-ші туралы еңбектер, қазақтың бір туар тұлғасы Есенберлиннің «Көшпенділер» мен «Алтын опдасы», «Алтай жолы» Тахауи Ахтановтың «Отан соғысы» туралы кітаптары көзге тосын көрініп, қызықтыра кететін дүниелер жеткілікті. Кітаптарды өзіңмен бірге алып кетіп жасақта оқуға, сонымен қатар кітапхананың оқу залында отырып оқуға да мүмкіндік бар.  

Кітапханада қазіргі жастардың көпшіліктің қызықты тақрыбы фантастика әлемі туралы кітаптарда баршылық. Өзіміздің қазақ салт-дәстүрі, қазақ тарихынан хабар беретін кітаптар да аз емес. 

Сондықтан мекеме кітапханасының басты мақсаты сотталғандардың мінез-құлқын түзету, оларды лайықты иманды азамат ретінде қалыптастырып, қоғамға қайта қосу ісіне өзінің қомақты үлесін қосуда деп айтуға болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер