Шымкент: Қоғамдық кеңес төрағасы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылады

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына осы жылдың 3 қаңтарында өзгерістер енгізілді. Осы ретте Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі жыл басынан бері жоспарлы түрде 8 отырыс өткізіп, 28 мәселе қарап, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 125 хаттамалық ұсыныстар жолдады.

image.png

Атап айтқанда:

• қала бюджетін нақтылау;

• басқару схемасын бекітуде ұсынымдар беру;

• білім мен денсаулық сақтау саласын дамыту;

• халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және оңалту;

• мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту;

• қала тұрғындарын баспанамен қамту;

• бағаны тұрақтандыру;

• әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау;

• жылу маусымына дайындық;

• шеткі аймақтарды инженерлік-инфрақұрылымдық қамту т.б. маңызды мәселелер қаралып, тиісті ұсынымдар жолданды. 

Бүгінгі таңда, орындау мерзімдеріне сәйкес нақты жауаптар  ұсынылып, 100 пайызға кеңес ұсынымдары ескерілді.

Айта кетейік, мәслихат аппараты сайтында арнайы Қоғамдық кеңес бұрышы ашылып, кеңестің атқарған жұмыстары туралы ақпараттары тұрақты түрде жариялануда. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер