Коронавирустан кейін онкологиялық ауру пайда болуы мүмкін – дәрігерлер

COVID-19-бен ауырып шыққан адамдар онкологиялық ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты Татьяна Соломатина айтты.

image.png

- "Ондай пациенттерде қатерлі ісік өкпеде немесе асқазан-ішек жолында қалыптасуы мүмкін. COVID бірқатар ауруға себеп болып отыр", - деді Ресей дәрігері Ura.ru сайтына берген сұхбатында.

Бұған дейін Ресей денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдасыру департаментінің директоры Екатерина Каракулина коронавирус пандемиясының салдарынан онкологиялық аурулар сирек анықталып жатқанын айтқан. Себебі диагностикалық шаралар бәсеңдеді. Алдағы уақытта онкологиялық аурулардың асқынған формалары көбейіп кетеді деген болжам бар. Қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың өмір сұру ұзақтығы да қысқарады. 

Дәрігерлер онкологиялық ауруға шалдыққандарға тезірек вакцина алуға кеңес берді. Себебі ондай науқастар вирусты жұқтыру қаупі жоғары топқа кіреді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер