Жаппай тәртіпсіздік кезінде Атырауда 50-ге жуық адам жарақат алған

Screenshot_27.jpg

Оның 36-сы құқық қорғау саласының қызметкерлері. 1 адам көз жұмды. Облыс және Мақат ауданының әкімдігіне шабуыл жасалған, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.

Ал Құрманғазы, Индер, Жылыой аудандарында халықаралық, республикалық маңызы бар жолдар жабылған еді. Бірнеше күн көлік қатынасы тоқтады. Бірақ дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде жағдайды уақытында қалыпқа келтіруге мүмкіндік туды. Қазір қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда. 

- Облысымызда бейберекетсіздік іс-әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Дегенмен қауіп толық сейілген жоқ. Өңірдің күштік құрылымдары да күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Бұл азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау, сондай-ақ қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалған қадам. Президенттің тапсырмасына сай өңірдің экономикалық әрі стратегиялық маңызы бар ірі өнеркәсіп орындарына әскери күзет қойылуда - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер