Тоқаевтан сын естіген «Самұрық-Қазына» басшысы оған жауап берді

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сатқалиев өзінің Facebook парақшасында жуық арада қолға алынуы жоспарланып отырған реформалар туралы айтты. Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған тиісті тапсырмалар берген еді.

Screenshot_1.jpg

"Біз конструктивті ұсынысы барлармен, бұл ұсыныстарды реформалау бағдарламасына енгізу үшін диалог жүргізіп жатырмыз. Жуырда бұл жоспарлар ашық дереккөздер мен біздің корпоративті сайтымызда жарияланатын болады. Біз сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз", - деп жазды Сатқалиев. 

Қор басшысының айтунша, базалық қағидалар қатарында ашықтық, есептілік, бизнес кедергілерін жою, әлеуметтік жауапкершілік пен жемқорлықпен күрес болатыны айқындалды. 

"Менің ойымша, ұлттық байлықтарды әділ түрде үлестіру элементі ретінде қор активтеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей иелік ету мүмкіндігі өзгерісті кезең болмақ. Біз ел экономикасындағы басты проблемаларды шешу мақсатында бизнес-үдерістер мен қор компаниялары тобында корпоративті басқару тәжірибелерін, мұнай, газ, көмір, теміржол көлігі, электроэнергетика мен телекоммуникация нарықтарындағы өзара қарым-қатынас құрылымын реформалауға қатысты бірқатар теңдессіз шараларды ұсынып отырмыз", - дейді қор басшысы. 

Сондай-ақ, ол сатыпалулар жүйесі түбегейлі қайта қаралып, отандық тауар өндірушілер мен орта және шағын бизнесті қолдау механизмдері күшейтілетінін атап өтті. 

"Бұл мәселелер сәрсенбі күні, 26 қаңтар күні бизнес-қоғамдастықпен ашық диалог түріндегі кездесуде талқыла салынбақ. Бұл кездесу, сонымен бірге, әлеуметтік желілерде онлайн трансляцияланады. Біздің бағдарлама мақұлданып жатса, мен оның сәтті енгізілуі мен жүзеге асуын қамтамасыз етуге дайынмын", - деді ол. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер