Президент техникалық мамандықтарды неге Ресейде оқу керек екенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастар техникалық білімді неліктен Ресейде алу керек екені туралы айтты.

Screenshot_1.jpg

"Ресейлік білім, әсіресе, техникалық білім өте жақсы, бұл бәріне белгілі. Мысалы, Мәскеуде жоғары оқу орындарынан Н.Е. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, «MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті, Жаңасібір мемлекеттік университеті, Томск университеті бар. Әрине, ол міндеттелмейді. Біріншіден, мен тілдік кедергілер болмағандықтан Ресейге оқуға жібергеніміз дұрыс болар деп айттым. Екіншіден, біз стратегиялық серіктеспіз, үлкен бизнесте ортақ кәсіпорындарымыз бар. Бізге Ресейде оқыған техникалық мамандар қажет. Алайда Батыс елдерде білім алғысы келетіндер болса, оған еш кедергі келтірмейміз. Оның үстіне, батыстық білімді мінсіз деп айтпас едім. Батыстағы университеттер де диплом “басып шығаратын контораға айналып барады", - деді Мемлекет басшысы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер