Премьер-министр «сұр» майнингке қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырды

Screenshot_3.jpg

Премьер-министр Әлихан Смайылов электр энергетикасы саласының мәселелері жөнінде кезекті кеңес өткізді.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Энергетика министрлігі халыққа және өнеркәсіп секторына қажетті электр энергиясын шектемей беру жөнінде қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ цифрлық майнерлер үшін электр қуатын шектеу туралы баяндады.

Қазіргі таңда өңірлерде Энергетика министрлігі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралған мобильді топтар бақылау шараларын жүргізуде. 

18-20 ақпан аралығында жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында заңсыз жұмыс істеген 34 нысан анықталды. Шектелген электр қуатының жиынтық көлемі 202 МВт құрады.

Бұл ретте, ел аумағында заңсыз цифрлық майнинг қызметтері бар екенін атап өткен жөн, оларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Анықталған субъектілерге қатысты тергеу жүргізіледі.

Бұған дейін Жүйелік оператор («KEGOC» АҚ) цифрлық майнерлер үшін электр қуатын 380 МВт-қа шектеген болатын.

«Цифрлық майнингтің заңсыз қызметін анықтау және оларды электр қуатынан ажырату жұмыстарын күшейту қажет. Сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігі ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен және ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, заңсыз майнерлер келтірген шығындарды бағалау мәселесін пысықтауы керек», — деді Ә. Смайылов.

Премьер-министр заңсыз цифрлық майнинг субъектілеріне қатысты батыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер