Түркістан облысында Полиция департаментінің барлық бөлімшелерінде ерлермен қатар шенді арулар да қызмет атқарады. Олардың ішінде тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер, жедел уәкілдер, ювеналдық полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары да бар. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Полиция департаментінде қызмет атқаратын полицей қыз-келіншектерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
– Әйел сұлулық пен әдеміліктің белгісі. Қазақ тарихында қыздарымыз сұлулықтың ғана емес, адалдық пен ақылдылықтың символы болған. Тәуелсіздік алғаннан бері қоғамда әйелдердің маңызы арта түсті. Барлық салада әйелдердің өз үлестерін қосып, қызмет етіп жүргенін ерекше атап өтуге болады. Оның ішінде ішкі істер саласында да ерлермен бірдей қызмет атқарып жүрген шенді арулар бар. Сондықтан барша аналар мен қыз-келіншектердің, апа-әжелереміз бен қаракөз қарындастарымыздың мерекесі құтты болсын. Отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Ел үшін адал қызметімізді жалғастырудан шаршамайық! – деді Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов. Полиция генерал-майоры 30-дан астам полицей аруға марапат пен алғыс хаттар табыстады.
Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен полиция капитаны Ақнұр Бекбутаева, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін медалімен полиция подполковнигі Жанар Қалабаева маратаптталса, І дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі полиция майоры Жанат Хманова, полиция капитандары Жанерке Ибраимова, Айгерім Төрегелдиева және Жанна Шалбековаға табысталды. Ішкі істер министрлігінің Алғыс хаты полиция майоры Ләззат Әбубәкірова мен Нұрсәуле Байдабековаға берілсе, тағы 7 қызметкерге осы бұйрықпен Алғыс жарияланды.
Ал, Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасы полиция майоры Меруерт Әбдіқадырқызы, полиция капитаны Жұлдыз Жорабаева, полиция лейтенанты Жансұлу Шәріпбекке табыс етілді. Сонымен қатар, Түркістан облысы Полиция департаментінің Алғыс хатымен Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Гүлнар Абдужаппарова және полиция лейтенанты Баян Лесбек, Түркістан қалалық бастауыш ардагерлер ұйымының мүшесі Асия Бекбауова мен Мария Досыбекова марапатталып, дәл осындай бұйрықпен 16 қызметкерге Алғыс жарияланды