Зеленский Байден мен Илон Маскпен не туралы сөйлескенін айтты

Screenshot_2.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский 5 наурызда АҚШ президенті Джо Байденмен, SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маскпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Украина басшысы Twitter-де жазды.

Зеленский әңгіме барысында Ақ үй басшысымен қауіпсіздік, Украинаны қаржылық қолдау және Ресейге қарсы санкцияларды жалғастыру мәселелерін талқылағанын айтты.

Украина президенті Илон Маскпен не туралы сөйлескенін айтты.

Илон Маскпен сөйлестім. Мен оған Украинаны сөзбен де, іспен де қолдағаны үшін ризамын. Келесі аптада біз қираған қалаларға арналған Starlink жүйелерінің тағы бір партиясын аламыз, - деді Зеленский. Оның сөзінше, олар ғарыштық жобаларды да талқылаған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер