Облыстық мәслихат 50Х50 пайызбен сайланады

16 наурызда халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызын пропорционалдық, 30 пайызын мажоритарлық тәсілмен жасақтауды ұсынғаны белгілі. 

Screenshot_19.jpg

-Сонымен бірге аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізіледі. Сайлаудың осы тәсіліне оралу біз үшін өте маңызды. Бұл қадам – партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендету үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы.  Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынамын,-деді Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларына сәйкес алдағы уақытта облыстық мәслихаттардағы депутаттық корпустың 50 пайызы партиялық тізіммен, 50 пайызы мажоритарлық жүйемен сайланады. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин телеграм каналында хабарлады. 

-Сайлаудың аралас пропорционалды-мажоритарлық әдісін Мәжілісте 70-те 30, ал облыстық мәслихаттарда 50-де 50 ретінде енгізу елдегі сайлаушылардың барлық деңгейін қамтуды көздейді,-деп жазған Ерлан Қарин.  

Елімізде бұрын барлық деңгейдегі мәслихаттар толығымен мажоритарлық жүйемен сайланған. 2021 жылдың қаңтарында өткен сайлауда мәслихаттар алғаш рет партиялық тізім бойынша жасақталғане болатын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер