Қырылған халқын көрген Зеленский көзіне жас алып жылап қалды

Әлеуметтік желілерде «Бучадағы қырғын» деген хэштег кеңінен тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Screenshot_6.jpg

Украиналықтар қала көшелеріндегі қолы байланған мәйіттердің суретін жаппай жүктеп жатыр. Киев облысындағы жағдайға қатысты халықаралық қауымдастық өкілдері де пікір білдірді. Олар қырғынды ұйымдастырғандарды жауапқа тартуды талап етті. Әлеуметтік желіде Киев облысындағы Буча қаласында түсірілген жантүршігерлік кадрлар тарап жатыр. Олардан жерде жатқан мәйіттерді көруге болады. Кейбірінің қолы байланған. Украина билігі бұл Ресей әскерилерінің ісі, деп болған оқиғаны әскери қылмысқа теңеді. Содан соң Халықаралық қылмыстық сот өкілдерін дәлел-дәйек жинауға қалаға шақырды. 

– Әдетте президенттер мұндай үндеу жасамайды. Бірақ бүгін мен бұл сөздерді айтуға мәжбүрмін. Буча мен басқа қалаларда жүздеген адам азаптап өлтірілген. Көшелер мәйіттерге толды. Миналар қойылған. Тіпті жарылғыш заттар мәйіттердің арасында жасырылған. Біздің жерімізге зұлымдық келді. Кісі өлтірушілер, баскесерлер, әйел зорлаушылар, тонаушылар өзін әскер деп атап жүр. Олар тек өлімге ғана лайықты. Меркель ханым мен Саркози мырзаны мына сұмдықты өз көзімен көру үшін Бучаға шақырамын, - дейді Украина президенті Владимир Зеленский.

Желіде Зеленскийдің Бучаға барғанда көзіне жас алып көңілі босағанына көпшілік сүйсініп жатыр. 

"Зеленский Бучаға барған сәтте көзіне жас алыпты. Иә, біреу әртіс дер. Бірақ менің ойымша Зе адам екен, тек адамда ғана осындай эмоция болады. Халқы үшін күлетін, жылайтын, қайғыратын, қуанатын" - деп жазып жатыр көпшілік.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер