Тағылымы мол іс-шара

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласы білім басқармасына  қарасты Ахмет  Байтұрсынов атындағы № 50 мектеп-гимназиясында  көрнекті  ағартушы, алаш  қайраткері Ахмет  Байтұрсынұлының 150 жылдық  мерейтойына  арналған  тағылымы мол  іс-шара болып өтті.  Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ   халқының ХХ ғасыр  басындағы  ұлт  азаттық   қозғалыс   жетекшілерінің  бірі, мемлекет  қайраткері, ақын және қазақ  тіл  білімі мен әдебиетінің  негізін  қалаушы публицист. Іс  шараның  мақсаты - ұлт ұстазы  болған  ағартушының  өмірбаянын  жастарға  баяндап, өскелең ұрпақ арасындағы  патриотизмді  насихаттау. Іс  шараны  ұйымдастырушылар  Ахмет   Байтұрсынұлының  өмірі мен қызметін   мысал  ете   отырып, жастарға отанға  қызмет  етудін ерең  үлгісін   баяндады. Ұлы  тұлғаның   өлеңдері  мен аудармалары  жинақталған    кітаптар, «Қазақ» және «Айқап» газеттерінде  жарық  көрген  мақалалары   қонақтар    назарына   ұсынылды. Іс-шараға  А.Байтұрсынов  атындағы  №50 мектеп-гимназияның  оқушылары мен мұғалімдері, ахметтанушылар  және мемлекеттік   мекемелердің   өкілдері   қатысты. Президент 2022 жылды - балалар    жылы   деп   жариялады. Мұндағы   мақсат - өскелең  ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық  сақтау, білім беру және әлеуметтік  қамсыздандыру саласында  нақты  іс-шаралар  жасау. Осының  аясында   мектеп   оқушылары мен Оқушылар сарайының  мұғалімдері   бірлесіп, көрермендер  назарына «Ахмет» сахналық  қойылымын   ұсынды. Сондай ақ  мектеп мұғалімдері сыныптан  тыс сағаттар өтіп, мұражайларды тамашалап келді. Бұл Ахмет   Байтұрсынұлының 150 жылдығына   арналған   іс-шаралардың тек бастамасы   ғана. Жыл   соңына   дейін тек республикалық көлемінде  ғана  емес, халықаралық   деңгейде  өтетін конференция, концерт және байқаулар   көрініс  таппақ.  

Screenshot_2.jpg 

Ұрхия Құралбаева, 

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Шымкент қаласы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер