800 000 теңгенің электр сымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Screenshot_7.jpg

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне фирмалардың бірінен ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде хабар келіп, көмек сұраған. Онда өздеріне қарасты учаскелерінде орнатылып жатқан 4200 метр, құны 800 000 теңгеге жуық болатын электр сымдарын белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігі көрсетілген. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Мақтаарал ауданының полицейлері осы ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде күдікті ретінде екі жергілікті тұрғын анықталып, олар тұрғылықты мекенжайларынан ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бұдан басқа ұрлық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда. 

Терсеру барысында анықталғандай, күдіктілер несиелерін жабу мақсатында өзара сыбайласып, электр сымдарын бағаналардан қиып алып, жымқырып кеткен. Олар ұрлаған сымдарды сатып, ақшасын бас пайдаларының қажеттілігі үшін жаратып жіберген.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Егерде, сіз, ұрлық қылмысының куәгері болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер