Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов маңызды жиналыс өткізді

Screenshot_12.jpg

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары  Құрманбек Сахов, қамаудағы, пробациялық бақылаудағы азаматтармен атқарылатын жұмыстарды талқылау, олардың қатысуымен болатын қандай да бір заңсыздықтарға жол бермеу мақсатында жиналыс өткізді. Іс-шараға Шымкент және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесінің департаменті бастығының бірінші орынбасары әділет подполковнигі Пархат Исақбаев, Криминалдық полиция, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармалары мен басқа да мүдделі қызметкерлер қатысты. Сондай-ақ Тергеу изоляторы мен Түзеу мекемелерінің басшылығы мен қызметкерлері де қатысушылар қатарында болды.

Аталған жиналыста тараптардың әрқайсысы өз саласында белгіленген заңдылықтарға сәйкес жауапкершілікпен қызмет ету мәселесі баса айтылды. Одан бөлек қылмыстылыққа қарсы күрес бағытында бірлесіп жұмыс атқару, пробациялық бақылаудағы азаматтар бойынша ҚР ІІМ-нің бұйрық талаптарын орындау, оларды іздестірудегі туындайтын қиындықтар және бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында нәтижелі жұмысқа жету мақсатында, нақты тапсырмалар, бағыттар белгіленіп, алдағы уақытта барлық тарап жұмысты жандандыратындығы сөз етіліп, ұсыныстар қаралды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер