Полицейлер көршісінің сиырын сойып, етін сатып жіберген күдіктіні ұстады

Screenshot_20.jpg

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның мал жайылымына өріске қосып жіберген сиыры үйіне келмеген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Полицейлер мал ұрлығын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетті. Қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Тексеру барысында күдікті жас жігітке ақша керек болып, көршісінің сиырын жайылымнан жымқырып кеткен. Содан өзінің тұрғын үйінің қорасында сиырды сойып, етін Түркістан қаласының базарына апарып, 150 000 теңгеге сатып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.       

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатындығын айтады. Сондай-ақ мал ұстайтын аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайды болдырмас үшін малдарды құжаттандырып, сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Курьер Магнумда жұмысын жалғастыруда
  • Талдықорғанда Шерзат ісіне байланысты сот басталды
  • Астанаға Дженнифер Лопес келеді
  • Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылды
  • «Жасыбайдағы» бұрынғы президенттік резиденция мемлекет меншігіне қайтарылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер