​«Дін саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері» барысында жиын өтті

Screenshot_2.jpg

Созақ аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлері мен Түркістан облысының дін істер басқармасының «Дін мәселелерін қорғау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері кездесті.

Жиында полицейлерге  «Дін саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері» тақырыбында дәріс өткізіліп, оларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Яғни діни әдебиетті және діни мақсаттағы басқа да заттарды тарату секілді әңгімелер сөз болды. Жиынға қатысқандар өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алып, пікір алмасты.

Кездесуге қатысушылар өзара тақырыпқа қатысты талқылау жасап, мұндай шаралардың маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығын айта кетті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер