Түркістанда мүгедектікке шығарып беремін деп, екі бірдей тұрғынды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Screenshot_4.jpg

Түркістан қалалық полиция бөліміне екі бірдей тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, сырттай таныстары мүгедектікке шығарып беремін деп алдап, сенімдеріне кірген. Осылайша жәбірленушінің бірінен 230 000 теңге, екінші жәбірленушіден 250 000 теңге ақшаны қолма-қол алған. Алайда 4 жылға жуық уақыт өтсе де, берген уәдесін орындамай уақытты созып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні анықтауға арналған арнайы шараларды жүзеге асырды. Полицейлердің жедел жұмысының нәтижесінде бұл жайтқа қатысы бар жергілікті тұрғын ұсталды. Ол орта жастағы әйел болып шықты.

арысында анықталғандай, күдікті әйел бұрын қала ішіндегі ауруханалардың бірінде дәрігер болып жұмыс жасаған. Ал жәбірленушілер күдіктіге емделу үшін барған кезде танысқан. Емделушілердің әбден сеніміне ие болған алаяқ, мүгедектікке шығарып беремін деп сөз берген. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуде күмәнді көмек ұсынатын адамдарға мұқият болу және артық сенім білдірмеу керектігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, онда сіз «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер