Индонезия елшісі шымкенттік шәкірттермен пікір алмасты

Screenshot_4.jpg

Ахмет  Байтұрсынұлы  ХХ ғасыр  басындағы  ұлт  азаттық   қозғалыс   жетекшілерінің  бірі, мемлекет  қайраткері, ақын және қазақ  тіл  білімі мен әдебиетінің  негізін  қалаушы публицист. Шымкентте ұлт ұстазының 150 жылдық  мерейтойына  арналған  тағылымы мол  іс-шаралар жалғасын тауып келеді. 

Шымкент қаласы  білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп – гимназиясының ұстаздары мен оқушылары Орталықтандырылған балалар кітапханасында Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілермен кездесті.

Кездесуде  Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахман мырза Индонезия халықтары мен қазақ ұлттары арасындағы салт – дәстүрлердің ұқсастығы бар екеніне тоқталып,  оқушылармен өзара ой бөлісті. Ал өз кезегінде Абдрашид Арсен, Шайзанда   Аяулым,  Асанова Жания, Нұрланқызы Нанури, Алғабас Нұртөре  ағылшын тілінде А.Байтұрсынұлының аудармаларын, өмір жолын және өздері білім алатын  мектебі туралы  айтып берді. Рахман мырза оқушылардың ізденпаздығына, талапшылдығына ризашылығын білдірді.  

Іс  шараға қатысушылар  Ахмет   Байтұрсынұлының  өмірі мен қызметін   мысал  ете   отырып, жастарға отанға  қызмет  етудін ерең  үлгісін   баяндады. Ұлы  тұлғаның   өлеңдері  мен аудармалары  жинақталған    кітаптар, «Қазақ» және «Айқап» газеттерінде  жарық  көрген  мақалалары   қонақтар    назарына   ұсынылды.  

-Осындай іс  шараның  мақсаты - ұлт ұстазы  болған  ағартушының  өмірбаянын  жастарға  баяндап, өскелең ұрпақ арасындағы  патриотизмді  насихаттау,-дейді осы іс- шараны ұйымдастырушы  аталған білім ұясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұлпан Сексенбаева. 

Жыл   соңына   дейін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы тек республикалық көлемінде  ғана  емес, халықаралық   деңгейде  өтетін конференция, концерт және байқаулар   көрініс  таппақ.

Айгул Салибекова,

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі,

Шымкент қаласы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер