Діни қызметке қатысты заңды бұзғаны үшін жергілікті тұрғынды жауапқа тартты

Screenshot_4.jpg

ҚР ІІМ-нің 2022 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру бойынша Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді. Яғни түркістандық полицейлер жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезінде, «Ватцап» мессенджерінде діни сипаттағы сабақтар өткізу туралы хабарландырудың жарияланғанын анықтады.

Тексеру барысында полицейлер бұл "бизнес-аккаунт" діни бағыттағы онлайн-оқыту жүргізетін Кентау қаласының тұрғынына тиесілі екенін, оның заңсыз миссионерлік қызметпен айналысатынын білді.

Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабымен "Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жинақталған іс құжаттар Кентау қалалық сотына жолданды.

Жалпы жыл басынан бері Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қырағы қызметкерлерімен деструктивті діни ағымдардың жақтаушыларына қатысты 375 әкімшілік хаттама толтырылса, оның 10-ы діни сипаттағы құқықбұзушылықтар. Анықталғандарға әкімшілік айыппұл салынып, жауапкершілігі қаралған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға шақырады. Егер де, сіз, осыған ұқсас құқықбұзушылық туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Түркістан облысы  ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер