Полицейлер жоғалған жылқыны тауып, алғысқа бөленді

Screenshot_5.jpg

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, күндізгі сағат 15:00 шамасында егістік алқапта жайылып жүрген жылқыларының ішінен бір бас айғыры жоғалып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 900 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сақшылардың тыңғылықты жұмысының нәтижесінде Сырдария өзенінің жағасындағы жайылым алқаптан табылды. Жоғалған жылқы заңды иесіне қайтарылды.

Тұрғын жылқысын тауып берген полицейлерге алғысын білдіріп: «Мен полиция қызметкерелеріне жылқымның жоғалғанын айтып, тауып беруін сұраған едім. Полицейлер Шымкент қаласының, Сарығаш, Шардара аудандарының базарына менімен бірге барып, жылқымды іздеуге ат салысты. Олардың жасаған жұмыстарына алғыс білдіремін. Жұмыстарыңызға сәттілік!» - деді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер