Теміржолшылар референдумға қолдау көрсетті

Screenshot_7.jpg

Биыл мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілмек.

Осы орайда, Арыс-1 вокзал қызметкерлері референдумның маңыздылығын түсіндіру бойынша түсіндірме жұмыстарын  жүргізді. Жиын барысында теміржолшыларға референдум өткізу - саяси дамудың келесі кезеңі екендігін айтып, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын жеткізді.

Кездесуде қатысушыларды елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін, еліміздің Ата заңы - Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, маңызды күні науқанға белсенді қатысуға шақырды.

Өз кезегінде теміржолшылар да Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық Референдумды қолдайтындарын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер