Конституция – бәріміз үшін маңызы зор елдің басты заңы

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауыл округі, Сызған ауылы тұрғындарының Конституциялық референдум туралы ортақ ұстанымы.

Таяуда, дәлірек айтсақ маусымның 5 күні референдум өтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына біраз өзгерістер енгізілмек. Яғни, Ата Заңның үштен бір бөлігі өзгертілмек. 

«Алдымыздағы айтулы күні Президент ұсынған реформаларды көпшілік қолдайтынына сенімдіміз. Осындай тағдыршешті мәселені өзіміздің шешуге құқығымыздың болуы – өте құнды.  Жалпыұлттық референдум өткізу – бұл халықтың құқықтық мәдениетін арттыратын еліміздің тарихындағы маңызды оқиға» - деген пікірде,  Сызған ауыл округі әкімі Хайыркул Нуртан.

Рас, зайырлы, құқықтық мемлекетте барлық мәселе заң аясында шешіледі. Күнделікті кездесетін ұсақ-түйек мәселелерден бастап, күрмеуі қиын күрделі проблемаларға дейін Конституцияны негізге ала отырып түйінін тарқатуға болады. Егер Ата Заңда айбар болмаса, ол бәрінен алда жүрмесе, биік тұрмаса, онда ел ішінде тәртіпсіздік көбейіп, келеңсіз жағдайлар көбейіп кетеді. Сол үшін қабылданатын заң өте байсалды, жан-жақты зерттелген, барынша қамтылған болғаны жөн. Оны жасайтын да өзіміз - деген қолдау пікір білдірді.

Жалпы ақпараттық топ мүшелеріне ауыл тұрғындары референдум арқылы әркім өз пікірін айтуға, ой-ұсынысын білліруге құқылы. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, барынша белсенділік танытамыз деген  ойтүйіндермен тарқасты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер