Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, өзінің танысы «Кәсіпкерлікті қолдау қорынан қайтарымсыз 1 000 000 теңге алып беремін» - деп, сеніміне кіріп, 200 000 теңге ақшасын алған. Алайда берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай 1 жыл бойы созбалыққа салып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жан-жақты іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктінің жүрген жері анықталып, Жетісай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті әйел жәбірленушіден алған ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Күдіктінің бұдан басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мұқият болуды және әртүрлі жәрдемақы алуда немесе жұмысқа орналасуда күмәнді қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ осындай алаяқтық қылмысына куә болсаңыз, дереу полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі