Патрульдік полиция қызметкерлері қайырымдылық жасады

Screenshot_4.jpg

Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, халық арасында ашықтықты қамтамасыз ету, полиция қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және балаларға қамқорлық жасау сынды адами қасиеттерді бірінші орынға қойған. Ал жеке құрам бас полицейдің тапсырмасын орындап, бастамаларына қолдау білдіруде. Осы ретте Түркістан облысы ПД ЖПҚБ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Балаларды қорғау күні» қарсаңында Арыс қаласында орналасқан Адами әлеуетті дамыту басқармасының "Т. Тәжібаев атындағы Отбасы үлгісіндегі Балалар ауылына" арнайы барды. Негізінде полицейлер әрбір мерекеде осы мекемедегі жас достарын ұмытпай, жағдайларын сұрап келіп тұрады. Тәртіп сақшылары бұл жолы да әдеттегідей тұрмыста бірінші кезекте қажетті  азық-түлік апарып, қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Полицейлер уақытпен санаспайтын жұмыстары болса да, балаларға кереметтей көңіл-күй сыйлауға асықты. Өз кезегінде ел қорғандарынан жылулық сезінген аталмыш ұйымның білім алушылары, мұғалімдері Түркістан облысы ПД қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді. Тәрбиеленуші ұл-қыздар қонақтарға өнерлерін көрсетіп, ән шырқап, би биледі.

Осылайша Түркістан облысы Полиция департаменті ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қайырымдылық жасап, игі іс арқылы балаларды қуантып қайтты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер