Полицейлер қонақ үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Screenshot_5.jpg

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, қонақ үйдің жанында тұрған өзіне тиесілі зат тасымалдауға арналған темір құралын, 2 метрлік 2 дана релс темірін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге жалпы 160 000 теңге материалдық шығын келген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген білгендерден жауап алды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің мекенжайы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай жас жігіт пайдакүнемдік мақсатта күндізгі уақытта ұрлыққа түсіп, ұрлаған мүлкін  темір қабылдайтын орынға сатып жіберген. Полицейлер темір терсек сатып алатын орыннан темірлерді тәркілеп, айғақты зат ретінде алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлер мен ғимараттарға, дүкендерге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер