Полицейлер көлігіне жалған нөмір тағып алған жүргізушіні жауапқа тартты

Screenshot_3.jpg

Полиция қызметкерлері қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздікті сақтау сынды кезек күттірмес қиын да қауіпті қызметтерімен бірге,  жол қозғалысы, жол апаттарының алдын алу мақсатында сан алуан жұмыстар жүргізеді.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері осындай кезекті рейд кезінде Атакент кентіндегі полиция пунктінің алдында тұрған «Daewoo Nexia» маркалы автокөліктің нөмірінің жалған болуы мүмкін екендігіне күдіктенді. Осы бойынша полиция қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Қажетті шараларды іске асыра отырып жүргізушінің көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып алғанын анықтады. Аталған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі «Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу белгілерін орнату» бойынша хаттама толтырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері жүргізушілерді осы тәрізді олқылықтарға жол бермеуге шақырады. Қайта жабдықтауды да заңға сәйкес жасау қажет. Одан бөлек жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ауыл» партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады
  • 2025 жылы Қазақстанға 23,7 мың адам қоныс аударды
  • Атырауда қатарластарын балтамен қуалаған оқушы сабаққа барып жүр
  • КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ПРЕАМБУЛАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
  • НОВАЯ КОНСТИТУЦИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН: КЛЮЧЕВЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ И ПРИОРИТЕТЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер