Төлебиде қысқы туризм саласы қанат жайып келеді

Screenshot_10.jpgТөлеби ауданындағы Батыс Тянь-Шань тауы­ның етегiндегі демалыс аймақтарының қатары жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе қысқы туризм саласы қарқында дамып келеді. Қысы құрғақ өтетін Түркістан облысында осындай қысқы туризмді дамытқан абзал-ақ.

Аудандағы таудың ең биік шыңдарының бірінде «Алатау» тау шаңғы базасы аудан орталығынан 25 шақырым қашықтықтағы «Тау Самалы» шатқалында орналасқан. Шаңғы жолының ұзын­дығы – 1 300 метр. Бір мезетте 1 000-нан астам адамды қабылдауға қауқарлы.

Оңтүстікте жаз ұзаққа созылады. Ал, қыста жарытып қар жаумайды. Осы себепті шығар, облыста көп жылдар бойы қысқы спорт түрлеріне онша көңіл бөлінбей келді. Спортшыларға лайықты жағдай жасалмады. «Алатау» шаңғы базасы басшылары  осы олқылықты реттеп, спортшылармен бірігіп жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді. Расында мұнда алаңқай кең. Спортшы қалағанынша ойқастап, еркін көсіле алады.

Screenshot_11.jpg

Screenshot_12.jpg

Screenshot_13.jpg

Жалпы, осыған дейін мұнда 1300 метр болған шаңғы жолы 1800 метрге дейін ұзартылды. Сонымен қатар, моторлы шана жолы да бар. Бұл келушілерге өздерін спортшы ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Қар қалың жауған күні келушілер саны артады. Ал, жаймашуақ ауа-райында адам қатары сиреп қалады. Себебі, қар еріп, шаңғы тебуде ыңғайсыздықтар туындайды. Сондықтан да біз күн жылыда арнайы аппараттар арқылы жотаға жасанды қар шашамыз. Бұның кәдімгі табиғи қардан еш айырмасы жоқ десе болады. Әрине, тау етегі жылы болғанымен, төбесі суық. «Жаурап қаламын, балам жаурап қалады» деп алаңдайтыныңыз анық. Сол себепті, база әкімшілігі мұнда шаңғы тебуге арналған арнайы киімдермен қатар, су өтпейтін матадан тігілген қалың киімдерді де жалға береді. Қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін нұсқаушылар жаныңызда жүреді. 

Қысқы мерзімде мұнда келушілер қатары күрт артады. «Алатау» бүкіл әлем халқы білетін Франция еліндегі «Куршевель» тау шаңғы курортынан бір мысқал кем түспейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер