Сауран ауданының әкімі ақынның ұсынысын қабыл алды

Screenshot_1.jpg

Өткен жылы наурыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлығымен Түркістан қаласының іргесінен жаңадан Сауран ауданы құрылған болатын. Аудан руханияының бүгінгі жай-күйі қалай, алда қандай жоспарлар бар? Осыны пысықтамақ мақсатта аудандық Мәдениет үйінде бір топ журналистер мен ақын-жазушылар бас қосып, мәслихат құрды. 

Аудан әкімі Ғани Рысбаевтың қатысуымен өткен жиын еркін форматта өтті. Әкім ауданның қазіргі жүрек қағысы, даму барысы, алдағы бағыт-бағдары жайлы баяндап беріп қаламгер қауымды емен-жарқын пікір алмасуға шақырды. 

Басқосуда ақын Айдар Сейдазым өңірдегі әдебиеттің ахуалын қозғады. Оның айтуынша, соңғы кездері мемлекет тарапынан әдебиетке қолдау көптеп көрсетіліп жатыр. Дегенмен өңірлерде жастарға әдебиетті насихаттау жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмей келеді. 

– Таланттарды алыс ауылдардан іздеп табу керек. Дарынды, қабілетті балалар ауыл балаларына тән ұяңдықтан аттап кете алмай, көп жерде үнсіз қалып жатады. Біз бұндайға жол бермеуіміз қажет. Осы орайда аудандарда мектеп оқушыларымен әдеби кездесулерді жиі ұйымдастырып, түрлі байқаулар өткізіп тұрса, арасында жарып шығатындар болады. Байқауда оқушылар өздерін көрсетіп алға ұмтылады. Оқушылар бір-бірімен жарысқанда ғана бойларын мотивация пайда болып, нәтиже көрсетуге тырысады. Осындай ұмтылыстар болған жерде шынайы бәсеке болады. Шынайы бәсеке – жоғары сапаға алып келеді. Сапалы дүние қоғамды алға жетелейді. Сондықтан да оқушылармен тығыз жұмыс істеу аса маңызды. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» демекші, балаға қанаты қатаймаған кішкентай кезінен қолдау көрсетіп, алға жетелеу керек. Ес білгенінен ересектердің қолдауы мен демеуін, жылы сөзін естіп өскен бала болашаққа нық сеніммен қарап, қиын жағдайда өзін қолдайтын жанашырлары барын біліп өседі. Ол жанашырларын қуантуға барын салады. Сол себепті де Сауранда тек әдебиетте емес, барлық салады жетістікке жететін оқушылар шығады деп сенемін.

Қазіргі таңда еліміздің руханият жанашырлары өзекті тақырыпта роман жазатындарға «Меценат» сыйлығын тағайындап, жеңімпазға өмір бойы ай сайын 500 АҚШ долларын беріп отырады. Мемлекет тарапынан жылдан-жылға әдебиет саласына қолдау күшейіп келеді. Бірақ соған лайық қаламгерлер аз болып тұр. Қазір сұранысқа ие болып тұрған проза жанрында жазатындар бірен-саран. Сол себепті де балаларды әдебиетке қызықтыра білген абзал, - деді Айдар Сейдазым.   

Аудан әкімі Ғани Құрмашұлы ақынның ұсынысы орынды екенін айтып, биылғы оқу жылында қолға алатындарын жеткізді. Алдағы уақытта Сауранда таланттар шоғыры қалыптасып, ел руханиятының дамуына сүбелі үлес қосатын болады.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер