Үкіметте 2023 жылы ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамту мәселесі жөнінде кеңес өтті

image.png

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2023 жылы ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев әртүрлі отын түрлерінің қорлары, өндіріс жоспарлары және жанар-жағармай материалдары нарығындағы ахуал жайлы баяндады.

Кеңеске қатысушылар ішкі нарықты дизель отынымен, атап айтқанда жанармай бекеті желілерін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарын дизель отынымен қамтамасыз ету, баға белгілеу, импорт, Шымкент МӨЗ-інің қуатын ұлғайту және басқа да бірқатар мәселені талқылады.

Премьер-Министр отынның Қазақстаннан тыс жерлерге көп мөлшерде «шығарылуын» азайту үшін ішкі нарықта жанар-жағармай материалдарын сатуға мониторинг пен бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Үкімет басшысы жанар-жағармай материалдарын өткізуді есепке алу үшін станцияларды арнайы цифрлық жүйемен толық қамтуды ұйымдастыруды тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр бірқатар нақты тапсырма берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер