2 тамыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 тамыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_13.jpg

9.00-де «Hilton Garden» қонақ үйінде Қазақстанның Астық одағы журналистер үшін жыл сайынғы дөңгелек үстел өткізеді.

10.00-де «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы алаңында ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға үстеме баға беру жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өтеді.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Астанада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының қызметі туралы» онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы директорының орынбасары Құралай Жанұзақова.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

15.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Астанада «Жеке сот орындаушыларының жұмысын бақылау және алимент төлемдерін өндіру мәселесі» атты онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер: Астана қаласы әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Айнабеков, Астана қаласы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы Әділет Бейсенбаев.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

17.00-де ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Шетелдегі қазақстандықтардың білім беру көші-қоны және зияткерлік әлеуетін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер