Роберт Кайо - Тим Бернерс-Лимен бірге Әлемдік торды ойлап тапқан

Роберт Кайо (нидерл. Robert Cailliau; 26 қаңтар 1947 жылы туған) сэр Тим Бернерс-Лимен бірге Әлемдік торды ойлап тапқан. (World Wide Web).

Роберт Кайо Бельгияның Тонгерен қаласында туған. 1958 жылы ата-анасымен бірге Антверпенге көшеді. Орта мектепті бітірген соң Гент университетіне оқуға түседі. 1969 жылы электротехника мен машина жасау саласындағы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітіреді. 1971 жылы Мичиган университеті оған компьютер, информатика және басқару жүйелерін жасау мамандығы бойынша магистр атағын береді.

1974 жылы ол CERN-ге қызметке алынады. Онда ол Протондық синхротон бөлімінде жұмыс жасайды. Мұнда ол жылдамдатқыштың басқару жүйесін жасайды. 1987 жылы ол PS бөлімінен кетіп, ақпаратты өңдеу бөлімін басқарып, есептеу жүйелеріне қарай ауысады. 1989 жылы Тим Бернерс-Лидің қатысуынсыз CERN құжаттарына қатысты ашық гипермәтін жүйесін ұсынды. 1990 жыл осы технологияны бірлесе дамытуға ұласты. Ақырында Әлемдік тор жасалды(World Wide Web).

1993 жылы Фраунгофер қоғамдастығымен жұмыс істеген Кайо Еуропада ақпарат таратуды жүзеге асыратын ең алғашқы Еуропалық интернет жобасын қолға алды.

CERN-нің заң қызметімен бірлесе жұмыс істеген ол 1993 жылы 30 сәуірде интернет-технологияны көпшіліктің қолданысына берді. 

1993 жылдың желтоқсанында Кайо Әлемдік торға арналған ең бірінші халықаралық конференцияға қатысты. Оны 1994 жылдың мамырында Еуропа Ядролық Зерттеулер Орталығы ұйымдастырды. Бұл конференция Интернеттің ең алғашқы 380 жасаушысын қабылдады. Жалпы әлемдік тордың дамуындағы ерекше құбылыс атанды. Конференциядан соң Әлемдік торды басқаратын Халықаралық конференция комитеті құрылды. Содан бері бұл комитет жыл сайын конференция жасап келеді. Кайо 1994 жылдан 2004 жылға дейін осы комитеттің мүшесі болды.

1994 жылы Кайо Еуропалық комитетпен бірлесе «Мектепке арналған интернет» деген жобаны қолға алды. Сол арқылы торды білім ресурсы ретінде насихаттады. 

Интернет-технологияларды CERN-нен Әлемдік тор концорциумына (W3C) беруге қатысқан соң ол бар уақытын қоғаммен байланысқа арнады. Роберт Кайо CERN-нен 2007 жылы кетті.


Естен Ербол

Бағдарламашы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер