Итбалық пен "Қызыл кітапқа" енген балықтарды аулауға рұқсат берілмек

image.png

"Ашық НҚА" порталында жарияланған үкімет басшысы қаулысының жобасына сәйкес, Қазақстанның су айдындарынан Каспий итбалығы мен сирек кездесетін балықтарды белгілі мөлшерде алуға рұқсат берілгелі отыр. Аулау шараларымен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар ғана айналыса алады. 

Қандай су жануарлары ауланады?

156 дарақ Каспий итбалығы (кейін табиғи мекеніне жіберіледі);

500 келі Арал пілмайы (жасанды жолмен молықтыру мақсатында);

300 келі Арал қаязы (жасанды жолмен молықтыру мақсатында);

600 келі таймен (жасанды жолмен молықтыру мақсатында);

400 келі ақбалық (жасанды жолмен молықтыру мақсатында).

Аулау шаралары 1 наурыз бен 1 желтоқсан аралығында ұйымдастырылады және ауланған су жануарлары үшін төлемақы төленеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер