Тоқаев мектеп оқушыларына сабақта телефон пайдалануға тыйым салатын заңға қол қойды

image.png

Заңда жетім балаларға арналған тәлімгерлік институтын енгізу де қарастырылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларға білім беру, тәлімгерлік және олардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның негізгі міндеттері – жетім балаларға тәлімгерлік институтын енгізу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының басқару еркіндігін кеңейту.

Заңда орта білім беру ұйымдарында смартфондарды пайдалану ережелерін бекіту қарастырылған. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл норма тек сабақ кезіндегі шектеулерге қатысты екенін, баланың ұялы телефонын мектепке әкеліп, үзіліс кезінде пайдалана алатынын түсіндірді.

Сондай-ақ бірінші сыныпқа тестілеусіз қабылдауды, балабақшалардан орын берудің бірыңғай басымдығын қамтамасыз етуді, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын, суицидке итермелейтін, діни сипаттағы және т.б. ақпараттың таралуына жол бермеу шараларын қабылдау көзделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер