Қазақстанда енді ректорлар жылдар бойы жылы орнында отыра алмайды

image.png

Елімізде ректорлардың қызмет мерзіміне қатысты өзгеріс болады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілер министрден кейбір жоғары оқу орындарының ректорлары тым ұзақ мерзім басқарып келе жатқаны туралы сұрақ қойды. 

«Мәселен, Ерлан Сыдықовтың Еуразия ұлттық университетіне ректор болғанына биыл 13 толады екен. Бұл мерзім тым ұзақ емес пе?» деп сұрады тілші.

Өз кезегінде С. Нұрбек енді ректорларлы тағайындау қағидаты өзгеретінін айтты.

«Жалпы, біздегі ұлттық университеттер ректорларының мерзімін үш жылға базалық келісімшарт бойынша ұзарту мүмкіндігі бар. Шын мәнінде, 13 жыл мерзім — ұзақ. Сондықтан қазір ректорларды тағайындау ережелерін пысықтап жатырмыз. 14-15 наурызда арнайы республикалық комиссияның отырысы өтеді. Сол жерде жаңа қағидаттар қабылданбақ», — деді С. Нұрбек.

Бұл тұрғыда ол ректорлардың қызметін екі мерзімнен артық ұзартпау ұсынысы бекітілетінін айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер