Қазақстанда лицензиясы жоқ букмекерлік кеңселердің интернет ресурстары бұғатталады

image.png

Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен іліспе құжаттың жобасы келіп түсті.

«Заң жобалары Мемлекет басшысының құмар ойындарға заң жүзінде шектеу қою туралы тапсырмасының аясында Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Бұл құжаттардағы негізгі жаңалықтарға тоқталсақ, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ғимараттарда, билбордтарда, БАҚ-та, көліктерде орналастыруға және таратуға тыйым салу жөнінде норма қарастырылған. Сонымен қатар, басқа да жердегі жарнамасын шектеу ұсынылды», - деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов палатаның жалпы отырысында.

Екіншіден, борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған азаматтар үшін құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ескерілген.

«Мұнымен қоса, лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет ресурстарына тыйым салып, оларды бұғаттау ұсынылды. Заң бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты басқа да нормалар қарастырылған. Сондықтан Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті аталған жобалары бойынша тиісті қорытынды әзірлеуге дайын», - деді депутат.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұмабек Тәшеневтің елге жасаған еңбегі дәріптелді
  • Фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеру басталды
  • Енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өтесіз
  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер