20 жылда моноқалалардағы халық саны екі есе кеміп кеткен

image.png

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында елдегі монқалалардың халқының азайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

«Біз моноқалалардың түгелге жуығында көші-қонның теріс сальдосы бар екенін көріп отырмыз. Соңғы 20 жылда ондағы тұрғындардың саны екі еседен астам азайып кетті. Мұның басты себептері жұмыс орындарының тапшылығы, жалақының аздығы және тұрмыс сапасының төмендігі болып отыр», - деді ол.

Оның пайымдауынша, тәуелсіздік жылдарында моноқалаларды дамытуға бағытталған бірқатар бағдарлама қабылданғанымен, нәтижесі болмаған.

«Жағдай өзгерген жоқ. Былтыр Алтай, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Риддер, Степногорск қалаларын кешенді дамыту жоспарлары қабылданды. Жоспарланған іс-шаралардың 13%-ының орындалмай қалғанын айта кету керек. Оның негізгі себептері – әкімдіктердің тарапынан қаржыландырудың жеткіліксіздігі әрі сапасыз жоспарлау. Демек, жұмыс тәсілдерін өзгерту керек. 20 моноқалада қазір 1,3 миллионнан астам адам тұрады. Бұл – әжептәуір көрсеткіш. Әлеует жеткілікті. Пәрменді іс-қимылдар қажет», - деді Олжас Бектенов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер