Наурызда азық-түліктің әлемдік бағасы біршама өсті — Ұлттық банк

image.png

Бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 14,75% деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында орталық банктің неліктен мұндай шешімге келгенін түсіндірді.

Ұлттық банк әзірге ақша-кредит саясатын ұстамды қатаң күйде сақталып қалғанына мүдделі. Базалық мөлшерлемені сақтап қалудағы маңызды да алғашқы факторлардың бірі — инфляциялық күтулер мен инфляцияның динамикасына мән беру.

— Наурызда жылдық инфляция 9,1%-ке дейін баяулағанымен, біздің болжамды траекториямыздан біршама жоғары болып шықты. Оған негізінен реттелетін қызметтердің тарифі ықпал етті. Тұрғын үй коммуналдық қызметтерінің тарифі біз күткен деңгейден жоғарырақ қалыптасты. Нақты айтсақ, инфляцияға үлесі 0,43 пайыздық тармаққа тең болды. Реттелетін тарифтермен бірге жалпы қызмет түрлерінің құны да өсті. Қызметтер инфляциясы наурызда 13,2% деңгейінде қалыптасты. Яғни, қазір ол бағаның өсуіне үлес қосып отыр, — дейді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, азық-түлік инфляциясы 6,9%-ке дейін төмендеп, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,2%-ке дейін баяулаған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өтесіз
  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Бір мезетте 500 келін сәлем салды
  • Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер