Қазақстан Орталық Азиядағы ең бай елге айналды - Global Finance

image.png

Әлемдегі ең кедей елдер рейтингісінде Қазақстан Орталық Азиядағы көршілері арасында ең төменгі – 128-ші орында. 34 534 АҚШ долларын құрайтын жалпы ішкі өнім мен сатып алу қабілетінің паритеті бойынша біздің еліміз ең жоғары экономикалық мәртебеге ие және Орталық Азия республикалары арасында ең бай ел деп танылды, деп хабарлады Global Finance.

Айта кету керек, Орталық Азия республикаларынан Қазақстанға ең жақын орналасқан Түрікменстан 101-ші орында тұр. Өзбекстан мен Қырғызстан сәйкесінше 67-ші және 48-ші орында. Рейтингтегі Орталық Азия елдерінің ішіндегі ең кедейі-43-ші орында тұрған Тәжікстан.

Қазақстан бұл рейтингте әлемде кедейлік деңгейі бойынша 98 және 113-орындарда тұрған Әзербайжан мен Қытайдан алда тұр. Бірақ бауырлас Түркия Қазақстанды басып озып, рейтингте 140-орынға жайғасты.

Рейтингке сәйкес әлемдегі ең кедей елдердің бірі Оңтүстік Судан 2011 жылы құрылғаннан бері зорлық-зомбылыққа ұшырады. Әлеуметтік келіспеушіліктер, теңсіздіктер, сыбайлас жемқорлық пен соғыстар жағдайды жақсартпайды. Биылғы жылы 9 миллионға жуық адам, Оңтүстік Судан халқының 60% - дан астамы гуманитарлық көмекке мұқтаж болды.

Теңізге шыға алмайтын кішкентай Бурунди ең кедей елдер рейтингісінде екінші орында. Елде табиғи ресурстар қоры жоқ және ел 1993 жылдан 2005 жылға дейін созылған азаматтық соғыстан зардап шекті.

Үшінші орында Орталық Африка Республикасы орналасқан. Бұл ел алтынға, мұнайға, уранға және гауһарға бай болғанымен қандай да бір себептермен ең кедей елдер қатарында.

Әлемдегі ең кедей елдердің ондығына Конго Демократиялық Республикасы, Мозамбик, Нигер, Малави, Либерия, Мадагаскар және Йемен де кірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер