Сағадат Нұрмағамбетовтің сенімін ақтаған шәкірт

image.png

Бастеми Жантемірұлы Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің тікелей басқаруымен  лауазымды қызметке тағайындалған. Бүгінде жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген тұлға Jibek Joly  телеарнасындағы «Мархабат» бағдарламасында қонақ болды.

Новосібір жоғары әскери-саяси училищесін үздік бітірген жас офицер Бастеми Жантемірұлы 40 жылдан астам уақытын әскери салаға арнаған. Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобында қызмет етіп, КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен аға лейтенант әскери атағын мерзімінен бұрын алған. Кейін туған елге оралып, Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің тікелей басқаруымен жас офицер лауазымды қызметке тағайындалады. 

Әскери салада тәрбиеші офицерге артылған жүктің салмағы жеңіл болған жоқ. Жеке құрамның тәртібі, олардың арасындағы моральдық ахуал, әскери жұмыстың тиянақты ұйымдастырылуын қадағалау бірінші міндет еді. Бастеми Жантемірұлының басшылығымен атқарылған жұмыс жоғары нәтиже көрсетіп, полковник әскери атағы мерзімінен бұрын тапсырылған. 

Зейнет демалысына шыққан соң да әскери кафедраға он жылдай басшылық етіп, болашақ офицерлерді дайындап жатыр. Бүгінде ол Қарулы күштерге қатысты іс-шаралардың бел ортасында жүреді. Жас ұрпақ тәрбиесінде Бастеми Жантемірұлының орны ерекше.

Бастеми Жантемірұлының жары Сағила Пануқызы да саналы ғұмырын әскери салаға арнаған жан. Балалары Арман мен Бауыржан да еліміздегі күштік құрылымдардың офицерлері.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер