Оқушы ұлға жабысқаны үшін Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді

image.png

Алматы полициясына 17 жастағы жасөспірім өзін қорлау туралы арыз жазған, деп хабарлады  rgmedia.kz тілшісі. 

Жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам оған сыраға тапсырыс беріп, кейін бірге ішуді ұсынған. Алғашқы ақпаратты журналист Михаил Козачков таратты. Оның мәліметінше, күдікті – белгілі әнші Алмас Кішкенбаев.

17 жастағы баланың сөзінше, сыраға 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Тапсырыш беруші алкогольді алып, артынша курьерге бірге отырып ішуді ұсынған. Одан бөлек, ер адам кәмелетке томаған баланың интимдік жерлерінен ұстамақ болған. Курьер бірден өз үйіне кетіп қалып, бәрін әкесіне айтып берген. Ал әкесі бұл жайт туралы полицейлерге хабарлаған. Полицейлер тексеріс жүргізу үшін пәтерге барып, тапсырыс берген адамды бөлімшеге алып кеткен. Күдіктінің аты – Алмас Кішкенбаев, дейді Михаил Козачков телеграм арнасында. 

Оқиғаның мән-жайын  ulysmedia.kz тілшісі полициядан сұрап білген. 

"Әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізіледі. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілді, - дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заманауи өндіріс орындары салынады
  • Сауран ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі артты
  • Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
  • Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы
  • Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді - Бақыт Нұрмұханов
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер