Шымкентте жарты ай бұрын жоғалған жігіт өлі табылды

image.png

Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған Бәйдібек Ақмырзаұлы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұны  Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған. Бұған дейін Шымкентте 20 жастағы Бәйдібек Ақмырзаұлы жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Ол кейінгі рет Шымкенттегі әуежайда досын шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған. Жас жігіт 2025 жылғы 14 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкентке жүргізуші куәлігін алуға барған. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайда шығарып салған.

"15:22-де "Қатын көпір" аялдамасы маңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен желі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқан. Одан кейін ұшты-күйлі жоқ, - дейді жақындары.

Жоғалған азаматтың туыстары екі күннен кейін, 16 қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арызданған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер