Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

image.png

24 жылға сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев қамауда отырған мекеме өзіне ынталандыру шараларын қолданбағаны үшін сотқа шағымданды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен хабарлайды.

- Жазасын өтеуші сотқа мекеме әкімшілігі оған көтермелеу бермейді деген өтінішпен жүгінді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу қолданылмайды. Аталған сотталған адамның бір рет тәртіп бұзғанын ескере отырып, оған көтермелеу болмайды, - делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осылайша сот Қуандық Бишімбаевтың арызын қанағаттандырмады.

Айта кетсек, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың бостандықта жүргені жайлы қауесет тараған еді. 

Сондай-ақ былтыр күзде экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың түрмеде жұмысқа тұрмағаны айтылды. 

Еске сала кетейік, азаматтық некеде болған әйелін өлтіргені үшін Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте состоялся показ кинофильма о вреде лудомании и наркомании
  • Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады
  • Қызылордада биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қасқыр ауланып жатыр
  • Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды
  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер