Енді оқушыларға арналған мәзірді дәрігерлер жасайды

image.png

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мектептегі тамақтанудағы өзгерістер туралы хабарлады. Оның айтуынша, ведомствода мектеп асханаларында тамақтану нормалары қайта қаралған деп хабарлайды  Rgmedia.kz тілшісі. 

"Біз мектептердегі тамақтану нормаларын қайта қарастырдық. Өзгерістер тағамдардағы қант пен тұзды азайтуға қатысты болды. Сондай-ақ балалар мәзірінен газдалған сусындар, құрамында қант мөлшері көп және құрамында кофеині бар сусындар алынып тасталады, бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін", - деген Еділ Оспан оқушыларға арналған ас мәзірін жасауға  денсаулық сақтау министрлігі және  халықаралық мамандар да жұмылдырылатынын тілге тиек етті.

"Олар жаңа оқу жылынан бастап денсаулық сақтау мамандары мектептерде тамақтануды ұйымдастырудың перспективалық модельдерін енгізумен айналысады", - деп толықтырды вице-министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер